Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Сот жүйесін цифрландыру және жаңғырту жұмыстары жайлы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары сот төрағасы есеп берді. Асламбек Мерғалиев, сонымен қатар, сот төрелігіндегі өзекті мәселелер және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істерін автоматтандыру туралы баяндады. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатыр. Кездесу соңында Мемлекет басшысы азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.