Қазақстан мен Белорусь арасындағы тауар айналымы 1,2 млрд долларды құрады

Қазақстан мен Белорусь арасындағы тауар айналымы 1,2 млрд долларды құрады

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Белорусь арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асты.  Бұл ретте өзара сауда-саттықтың 30% артқаны тіркелген. Қазақстан Президенті Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесуде екіжақты стратегиялық серіктестіктің қарқыны жоғары екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді әрі өзара сенімге құрылған диалогты жалғастыру, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қажеттілігіне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ықпалдастығымыз, әсіресе, экономикалық салада дәйекті түрде дамып келеді деп айтуға толық негіз бар. 2025 жылы сауда көлемі 1 млрд доллардан асты. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Беларусь мемлекетінің басшысы Александр Григорьевич Лукашенкоға ыстық ықыласымды жолдаймын. Биыл мамыр айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткіземіз. Сол кезде көпжақты күн тәртібінен бөлек, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты басқа да мәселелерді міндетті түрде талқылаймыз.

Әңгімелесу барысында өнеркәсіп кооперациясы, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетудің маңызы атап өтілді. Қазақстан өнімдерінің экспортын ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында Беларусь Республикасының Бас консулдығын ашу жоспарын құптап, бұл елдеріміздің аймақтары арасындағы байланысты кеңейте түсетініне сенім білдірді.

Максим Рыженков, Беларусь Сыртқы істер министрі:

- Ең әуелі, Сізге біздің мемлекетіміздің басшысы Александр Григорьевич Лукашенконың ізгі сәлемін жеткізгім келеді. Қазақстанның бүгінгі саясатының түп негізінде қарапайым адамның, халықтың және мемлекеттің мүддесі жатқанын атап өткім келеді. Мұндай әлеуметтік саясат елдерімізді жақындастырып, барлық бағыттағы байланыстарымызды бекемдей түседі. Ал мемлекеттер басшылары арасындағы жеке қарым-қатынас бәрімізге үлгі. Өзара ықпалдастықтың барлық деңгейінде Сіздердің қолдауларыңызды сезініп отырамыз. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?