Мемлекет
басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда
тарапының Қазақстанмен көпжоспарлы серіктестікті нығайтуға ықылас танытып
отырғанына ризашылық білдірді.
Сонымен қатар, қос мемлекет арасындағы күні кеше қол қойылған дипломатиялық
және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімді жоғары
бағалады. Әңгімелесу
барысында тараптар сауда-экономикалық
және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективті бағыттарын талқылады.