Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөз Түркияда өтеді

Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөз Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді. Тараптар наурыздың 29-ы мен 30-ы бетпе-бет жүздесетін болды.

Еске сала кетейік, екі ел арасындағы алғашқы келіссөз ақпанның 28-і Беларусьте өткен. Одан кейін келіссөздер онлайн форматта ұйымдастырылды.