Қазақстан терроризмді қаржыландыруға қарсы шараларды күшейтеді

Қазақстан терроризмді қаржыландыруға қарсы шараларды күшейтеді

Қазақстан терроризмді қаржыландыруға қарсы шараларды күшейтеді. Сенат тиісті хаттаманы ратификациялау туралы Заңды мақұлдады. Құжат аясында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының ұсыныстары қайта қаралып, оның мандаты кеңейтілді. Ұлттық заңнаманың жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылы жаңартылған стандарттарға сәйкестендірілді. Сондай-ақ, хаттама Еуразиялық топ аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін береді. Айта кетейік, бүгінде аталған ұйымға 9 мемлекет мүше.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бұл түзетулер Ұйымға мүше мемлекеттердің қаржы жүйелері мен экономикаларын қорғауға бағытталған бірлескен қызметін жетілдіруге арналған. Жалпы заң FATF аясында атқарылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?