Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбіне
талшықты-оптикалық желі төсемек. Екі елдің телекоммуникация нарығындағы ірі операторлар
бірлескен келісім жасасты. Кабельдік желінің ұзындығы 380 км құрайды, ал жаңа суасты
магистральдың өткізу қабілеті 400 терабит/с дейін жетеді. Қазақстан мен
Әзірбайжан арасындағы Каспий теңізінің түбі бойынша талшықты-оптикалық
магистральді салу жобасы трансұлттық «Цифрлық Жібек жолының» негізгі құрамдас
бөліктерінің бірі болып табылады. Ол Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінде
Интернетке қосылу сапасын жақсартуға, сондай-ақ Азия мен Еуропа арасында көп
терабиттік деректер көлемін тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған. Бұған дейін
талшықты-оптикалық байланыс желісін салу үшін Қазақстан-Әзербайжан бірлескен
кәсіпорны құрылды. Компанияда «Цифрлық
Жібек жолы» жобасы сандық қызметтердің өсуін және жаңа өнімдерді құруды
ынталандыратыны атап өтілді.