Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 616 млрд теңге инвестиция тартылды

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 616 млрд теңге инвестиция тартылды

Жыл басынан бері Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 616 млрд теңге инвестиция тартылды. Министрлікте саланың бірінші жартыжылдықтағы даму қорытындылары шығарылды. Жалпы қаражаттың 443 млрд теңгеге жуығы ауыл және балық шаруашылығына, 104 млрд-тан астамы азық-түлік өндірісіне, 70 млрд-қа жуығы сусындар өндірісіне бағытталды. Ең көп инвестиция Шымкент, Алматы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарына тартылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жалпы алғанда секторға 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартуға ниетті. Жол картасы аясында 2027 жылға дейін Қазақстанда жалпы құны 3 жарым трлн теңге болатын 683 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінде оның 50-ден астамы Түркістан, Алматы және Қостанай облыстарында пайдалануға берілді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?