Үкімет экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн теңге қаражат салады

Үкімет экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін 9,6 трлн теңге қаражат салады

Қазақстан экономикасының өсуін қамтамасыз ету үшін салаға 9,6 триллион теңгеден астам инвестиция салу жоспарланып отыр. Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, бұған бюджеттік қаражаттар да, бюджеттен тыс көздер де кіреді. Оның үстіне соңғысы негізгі бөлікті, яғни 7 триллион теңгені құрайды. Бұл – ұлттық холдингтердің, екінші деңгейлі банктердің және басқа да отандық инвесторлардың қаражаты. 

Сонымен қатар, жобаларға жеңілдетілген қаржыландыруды тарту бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс жүргізілуде. Бұдан бөлек отандық және шетелдік жеке инвестициялар да маңызды рөл атқарады.