Қазақстанның жалпы ішкі өнімдегі көлік саласының көрсеткіштері 22,5%-ға өсті

Қазақстанның жалпы ішкі өнімдегі көлік саласының көрсеткіштері 22,5%-ға өсті

Осы жылдың 4 айында отандық көлік саласының көрсеткіштері шамамен 22,5%-ке өсті. Сала Қазақстанның жалпы ішкі өнімінде ең үлкен нәтиже көрсетті. Республиканың қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындыларына сәйкес, өсім темір жол және құбыр арқылы жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көлемінің ұлғаюының арқасында жүзеге асып отыр. Түркістан, Жамбыл өңірі мен Абай облысы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Сарапшылардың пікірінше, жүк тасымалының айтарлықтай өсуіне еліміздегі жолдардың құрылысы мен жаңа теміржол бағыттарының ашылуы серпін берді.

Жәнібек Тайжанов, ҚР Көлік министрлігінің комитет төрағасы:

- Биыл бізде 2 жол тапсырылады. Біріншісі – «Достық-Мойынты» бағыты. Оның ұзындығы шамамен 800 шақырым. Бұл осы учаскедегі пойыздар мен жүктердің санын көбейтуге мүмкіндік береді. Екінші құрылыс - Алматы қаласының айналма жолы. Біз «Қызылжар-Мойынты» жаңа учаскесінің құрылыс жұмыстары басталатынын айтқан болатынбыз. Бұл - қосымша учаске. Кешенді іс шара тұтастай алғанда, біріншіден, теміржол желісін жаңартуға тың серпін береді. Екіншіден, әрине, өткізу қабілеттілігін арттырады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?