Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінде бірінші
жартыжылдықтың нәтижелері бойынша 105% жиынтық көрсеткішпен оң динамика
байқалады. Сала елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесі бойынша тау-кен өндіру және саудадан
кейін үшінші орында тұр. Бүгінде Үкiмет отандық
өндiрiстi ынталандыру жөнiнде шаралар қабылдауда. Машина жасау, мұнай химиясы,
металдарды тереңдетіп өңдеу сияқты бағыттар басты назарда. Осылайша,
Қазақстанда 2029 жылға қарай мыс өндіру көлемін 750 мың тоннаға дейін ұлғайту
жоспарланып отыр. Абай облысында жаңа мыс балқыту зауытының жобасы жүзеге
асырылуда. Елде бұл үстіміздегі жылы сондай-ақ алюминийді өңдеуді 72 мың тоннаға
дейін ұлғайтуға ниетті. Ол үшін өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары мен ірі
тау-кен компаниялары 25 келісімге қол қойды.