Kazakh Invest-тің хабарлауынша, тиісті келісімдер мақұлданып, қол қойылды. Бұған қоса тараптар аталған бағытпен тұрақты түрде бірлескен контейнерлік қызметті іске қосуға уағдаласты. Тағы бір компания қағаз кластерін құруға мүдделі екенін мәлімдеді. Ал фин елінің қауіпсіздік және химиялық заттар бойынша агенттігі қазақстандық химиялық өнімдер өнеркәсібін ашуды жоспарлап отыр. Осы бағыттағы іскерлік компаниялар қазақстандық әріптестеріне тауарларды шығару мен айналымға жіберу тәуекелдері бойынша тәуекелдер үлгісін ендіруге әзір. Жалпы, өткен жылы Финляндияның Қазақстанға құйған инвестициясының көлемі 12 миллион доллардан асқан. Ал екі ел арасындағы тауар айналымы Америка валютасына шаққанда 180 миллионға жетті.