Табыстың әділ бөлінуі және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру. Жаңа Қазақстанда экономикалық дамудың басты қағидаты осы болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осылай деді. Еске салсақ, аталған комиссия Президент Жарлығымен құрылған. Оның қызметі заңсыз жылыстатылған қаражатты елге қайтаруға бағытталады. Мемлекет басшысының айтуынша, елімізден заңсыз шығарылған капиталды барлық заңды рәсімдерді сақтай отырып қайтару үшін белгілі бір уақыт керек. Прокуратура қадағалаушы орган ретінде қабылданатын барлық рәсімдердің заңға толықтай сәйкес келуін қамтамасыз етуге міндетті. «Басты мақсат сотқа берілген қылмыстық істердің саны емес, экономиканы нақты сауықтыру», - деді Президент.