Шетелдік
журналистер мен блогерлер Қазақстан туралы өз жұмыстарын таныстыра алады. Тақырып ауқымы халықаралық
қатынастарға, инвестициялық әлеуетке, сондай-ақ тарихқа, мәдениетке, туризмге
қатысты болуы мүмкін. Республикада 9-шы халықаралық байқауға өтінімдер қабылдау
басталды. «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» еліміздің Сыртқы істер министрлігі
Бас редакторлар клубымен бірлесіп өткізеді. Биыл Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес
хатшылығы, «Kazakh
Tourism», «KazAID», Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және «Jibek Joly»
телеарнасы байқаудың серіктестері атанды. Айта кетейік, байқауға қатысу
үшін 2023 жылдың 1 тамызынан бастап жыл бойы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік
желілерде жарияланған ақпараттық материалдарды қамтитын өтініштер қабылданады. Солтүстік
және Оңтүстік Америка, Еуропа, ТМД, Таяу Шығыс және Африка елдерінен,
сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты өңірінен жеңімпаздарды Қазақстан қалалары бойынша
мәдени-экскурсиялық ауқымды бағдарлама күтіп тұр. Қатысуға өтінімді сыртқы
саяси ведомствоның сайтынан табуға болады.