Қазақстанда жаңа мұнай кен орындарын іздеу жоспарлануда

Қазақстанда жаңа мұнай кен орындарын іздеу жоспарлануда

Қазақстан көмірсутектердің жаңа кен орындарын табуға ниетті. Осы мақсатта биыл елімізде 80-нен астам жаңа іздеу және барлау ұңғымалары бұрғыланады. Атап айтсақ, жұмыстар Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында жүргізіледі. Энергетика министрлігінің мәліметінше, ел аумағында әлі де ірі мұнай кен орындары ашылуы мүмкін. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауының тек ширек бөлігі ғана барланып, зерттелген. Соңғы жылдары елімізде ашылған кен орындарында қосымша зерттеу жүргізілген. Айта кетейік, геологиялық барлау саласына инвестиция жыл сайын артып келеді. 2023 жыл туралы айтар болсақ, 135-тен 152 млрд теңгеге дейін жетті. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта 200 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Мұнай өндірісіне келер болсақ, 1 жыл ішінде бұл көрсеткіш 84-тен 90 млн тоннаға дейін өсіп, экспорт көлемі 70 млн тоннадан асып жығылды.