Қазақстан Президенті бала құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Қазақстан Президенті бала құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Биыл қабылданған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы бала құқықтарын қорғауды күшейтуді көздейтін 158 шараны қамтиды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысына Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баяндады. Динара Зәкиеваның айтуынша, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және қауіпсіздік салаларындағы бала құқықтарын қамтамасыз ету шаралары жүйеленді. Жағдайды жіті сараптау негізінде бес жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленді. Президентке Психологиялық қолдау орталықтарын құру және психологиялық саламаттылықты айқындаудың бірыңғай бағдарламасын енгізу жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ, балалармен тікелей байланыс орнату үшін мектептерде QR-111 жүйесі енгізілді. Балаларға арналған инфрақұрылымды, соның ішінде ауылдық жерлердегі нысандарды дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?