Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау көрсету жалғасуда

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау көрсету жалғасуда

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жалғасуда. Оның үстіне қазақстандықтарға тұрмыстық техника, сумен және жылумен жабдықтау жүйелері сияқты үй мүлкінің шығыны да өтеледі. Мұндай шешімді ел Үкіметі қабылдады. Премьер-Министрдің орынбасары атап өткендей, республиканың барлық медициналық ұйымдары күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Дәрілік заттардың қажетті резерві дайындалды. Эпидемиологиялық бригадалар құрылды.

 

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

-Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер бекітілген мерзімнен бұрын берілуде. Мұндай режим биылғы 1 қыркүйекке дейін сақталатын болады. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды. Еңбек министрі тиісті бұйрықтарды қабылдады.

 

Сонымен қатар елімізде Qoldau.gov.kz іске қосылды. Оның мақсаты - зардап шеккендерді қолдау шаралары, жедел мәліметтер, соңғы жаңалықтар, ресми тұлғалар мен ведомстволардың мәлімдемелері туралы ақпараттарды бір платформада жинақтау. Сондай-ақ көмек алуға онлайн-өтініш беру функциясы қарастырылған.