Жыл басынан бері Транскаспий халықаралық
көлік маршруты бойынша 1 млн 3 мың тоннадан астам жүк
тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі
есе дерлік көп, деп хабарлайды Қазақстанның
ұлттық көлік компаниясы. Ел үкіметі орта мерзімді перспективада Транскаспий
бағыты бойынша жылына 10 миллион тоннаға дейін жүк тасымалданады деп
күтуде.
Айта кету керек, дәліз бойынша бұрын 53 күнде жүк жеткізілетін
болса, бүгінде 23 күнге дейін кеміген. Алдағы уақытта жол жүру
уақытын 15 күнге дейін қысқарту жоспарлануда.
Еске салайық, «Орта дәліз» деп те аталатын Транскаспий
бағыты біздің еліміздің аумағында ғана емес, Қытай, Каспий теңізі, Әзербайжан,
Грузияны басып өтіп, одан әрі Еуропа елдеріне жетеді. Дәліз
қауымдастығына 20 компания кіреді, оның ішінде сегіз елдің темір жол
әкімшіліктері, порттары, кеме қатынасы және басқа да көлік ұйымдары бар.