Қ.Тоқаев «Digital Qazaqstan» стратегиясын бекітті

Қ.Тоқаев «Digital Qazaqstan» стратегиясын бекітті

Қазақстан жаппай цифрлық жаңғыруды бастады. Мемлекет басшысы «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжаттың негізгі мақсаты - жасанды интеллекттің жедел қарқын алуы жағдайында елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ адами капиталдың негізгі қозғаушы күші ретінде заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Шын мәнінде, Digital Qazaqstan стратегиясы - еліміздің цифрлық дамуының жол картасы, ол ІТ-технологияларды барлық салаларға - мемлекеттік басқару, экономика, қаржы секторы, білім беру, денсаулық сақтау, креативті бағыттарға енгізуді көздейді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?