Қазақстан инвестициялық тартымдылығын арттырып келеді

Қазақстан инвестициялық тартымдылығын арттырып келеді

Қазақстан өңірдегі инвестициялық тартымдылығы жоғары ел ретіндегі өз орнын белсенді арттырып келеді. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 7%-ға ұлғайып, 5 трлн теңгеге жуықтаған. Өткен жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 20 млрд доллардан асқан. Шетелдік әріптестер тарапынан сенім деңгейі мен экономиканың тұрақтылығын халықаралық рейтингтік агенттіктер де растайды. Ұлттық экономика министрлігінің дерегі бойынша, агенттіктер Қазақстанның егеменді рейтингі инвестициялық сенімділік деңгейінде екенін жүйелі түрде растап отыр. Жобаларды сүйемелдеу және заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беру үшін «жасыл дәліз» тетігі іске қосылған, инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау шаралары, салықтық және кедендік преференциялар қарастырылған. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Олар кәсіпорындарды дайын инфрақұрылыммен және кәсіп жүргізуге қолайлы жеңілдіктермен қамтамасыз етеді.

Арман Қасенов, ҚР ұлттық экономика вице-министрі:


- Ірі жобаларды қолдаудың негізгі құралдарының бірі – Инвестициялар туралы келісім. Бұл тетік құны кемінде 7,5 млн АЕК болатын жобаларды жүзеге асыратын инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларының кешенін және 25 жылға дейінгі мерзімге заңнама тұрақтылығының кепілдіктерін алуға мүмкіндік береді. 2025 жылы 30 келісім, ағымдағы жылы 12 келісім жасалды. Қосымша тетік ретінде Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қарастырылған, ол өндірістерді құру және жаңғырту бойынша ауқымды жобаларды іске асыратын ірі отандық өндірушілер үшін 10 жылға дейінгі мерзімге салық заңнамасының тұрақтылығын көздейді.

Сондай-ақ, инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура жанынан дауларды сотқа дейінгі реттеу алаңы құрылады. Бұған қоса, әр өңірде инвестициялық прокурорлар қызметі пайда болмақ - олар инвесторларды құқықтық қолдау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?