Елордада Республика күніне орай автошеру өтті

Елордада  Республика күніне орай автошеру өтті. 30 көлік сап құрып,  жүргізушілер дәстүр бойынша Астананың басты көшелерімен жүріп өтті. Қатысушылар темір тұлпарын мерекеге сай, еліміздің көк туымен безендірген. Көлік керуені  осылайша 30 шақырымды артқа тастады.  Қатысушылар мерекелік автокеруен ұлттық құндылықтар мен бірлікті нығайтуға ұмтылысты білдіреді әрі ол патриотизмнің символына айналды деседі. Шара мемлекеттік рәміздерді насихаттауымен де қоғам мен жастардың назарын аударды, дейді  ұйымдастырушылар. Айта кетейік, мұндай автошеру еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. 

Тастемир Акулан, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы: 

 Бүгінгі автошерудің басты мақсаты – жалпы қала тұрғындары мен қонақтарына біздің мерекеміздің керемет жақсы деңгейде аталып өтіп жатқанын көрсеткіміз келеді.  Сондықтан да автокөліктер шеру жасап қана қоймай мемлекеттік біздің туымызды алып, Астананың ең көрікті жерлерінде желбіретін жүріп өтетін болады. Екінші басты мақсаттарымыздың бірі – мемлекеттік рәміздерімізді жалпы халық арасында кеңінен насихатағымыз келеді. 

Анатолий Бондарь, Астана қаласы бойынша авто-мото спорт федерациясының өкілі: 

 Бүгін біз Қазақстан Республикасы күнін мерекелеп жатырмыз. Еліміздің әрбір тұрғыны мен қонағын айтулы мерекемен құттықтаймын. Бұл акциялар халықтың көңіл-күйін көтеріп, жағымды әсер қалдыру мақсатында мейілінше жаппай өткізілуі қажет. Бүгін еліміздің жалауын желбіретіп плып өтеміз, Бұл біз үшін мақтаныш әрі құрметіміздің белгісі.