Астанада Конституциялық комиссияның ХI отырысы өтті

Астанада Конституциялық комиссияның ХI отырысы өтті

Конституциялық комиссия азаматтар мен кәсіби мамандардан келіп түскен ұсыныстарды мұқият зерделеуде. Қоғамдық талқылау барысында Жаңа Ата Заңда Құрылтайды таратуды Мемлекет басшысының шешіміне қалдыру тетігі ұыснылды. Бұған дейінгі жобада, Құрылтай ұсынылған кандидатураны тағайындауға келісім беруден екі қайталап бас тартса, Президентке заң шығарушы органды тарату міндетті еді. Бұл туралы Конституциялық комиссияның 11-ші отырысында айтылды. Сонымен қатар, жаңа Конституцияда әр адамға тумысынан тиесілі құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігі күшейтіліп, жобаның 14-бабының 2-тармағына өзгеріс енгізу ұсынылды.

Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық сот төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссия мүшесі:

- «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олардан ешкiм айыра алмайды, ҚР қолданыстағы құқығының мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады». 14-баптың 3-тармағында маңызды толықтыру жоспарланып отыр. Онда «Қазақстан Республикасы азаматының өз азаматтығына орай құқықтары мен мiндеттері бар» делінген. Азаматтық адамның мемлекетпен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?