Астанада алғаш рет кәсіподақтардың
жазғы мектебі өтті. 50-ден астам елден келген делегаттар тек тәжірибе алмасып
қоймай, жасанды интеллекттің еңбек қатынастарына ықпалынан бастап жасыл
экономикаға көшуге дейінгі өзекті мәселелерді талқылады. Еліміздің өкілдері
республикамыздағы кәсіпорындардың 97% ұжымдық шарттармен қамтылғанын атап өтті.
Кәсіподақтардың жазғы мектебінің отырысы Қазақстан үшін де, бүкіл Орталық Азия өңірі
үшін де ерекше мәнге ие. Қазір жаһандық әлеуметтік және экономикалық
трансформация жағдайында кәсіподақтардың рөлі күшеюде. Айта кетейік,
Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы - 169 елде еңбекшілерінің саны 200
миллионға жететін ірі бірлестік.
Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар
федерациясының төрағасы:
- Біз 5 жыл ішінде барлық облыстарда
филиалдары бар заңды одақ құрдық. Ол 24/7 режимінде тегін құқықтық көмек пен
кеңес береді. Қарапайым мысал: 5 жыл ішінде біз 247 талап-арызды жеңіп алдық.
Біз тек шетелдік тәжірибемізді іс жүзінде көрсетіп қана қоймай, тәжірибемізбен де
бөліскіміз келеді.
Эстер Линч, ХКК Бас хатшысы:
- Еуропаның түкпір-түкпірінен
кәсіподақ көшбасшыларының Астанаға келуінің өзі Қазақстанның халықаралық
кәсіподақ қозғалысындағы рөлінің мойындалғанын білдіреді. Біз лайықты ақы
төлеу, еңбек жағдайлары, отбасын қолдау мәселелері секілді мұнда да, Еуропада
да маңызды жағдайларды талқылаймыз. Бұл барлығымызды біріктіретін мәселе.

