«Қазақстан халқына» қоры үш жылда 186 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті

«Қазақстан халқына» қоры үш жылда 186 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті

«Қазақстан халқына» қоры 3 жылдың ішінде 186 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл жөнінде қоғамдық қордың басқарма төрағасы мәлімдеді. Болат Жәмішевтің дерегінше, қор құрылғалы 100-ден астам қайырымдылық бағдарлама мен жобаға бастамашы болды. Қазіргі таңда оның 60-тан астамы орындалды. Олардың жүзеге асуына 240 млрд теңге бөлінді. Жалпы жиналған қаржы ауылдық білім беруді, денсаулық сақтау, оңалту, әлеуметтік қолдау, мәдениет, балалар және инклюзивті спортты дамыту және төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік бере отырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Қор қызметі еліміздің әр өңіріндегі ауылдарды, моно және шағын қалаларды қамтиды.

Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы:

- Қор қайырымдылық жобаларының іске асырылуын және қаражаттың жұмсалуын бақылаудың қатаң тетіктерін енгізді. Бұл әрбір теңгенің қолдауды қажет ететіндердің игілігі үшін пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол жыл сайынғы сыртқы аудитпен расталады. Ол үздіксіз жүзеге асырылып тұрады. Сондықтан да 2024-ші жылдың қорытындысы бойынша да сыртқы аудит жүргізіледі. Қазақстан халқына сайтында біздің қорға  түскен әр тиын мен шығыны бойынша біз жасаған барлық шарттар мен қолданыстағы бағдарламалар туралы ақпарат орналастырылған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?