Осы мақсатта жақында бірден 10 өңірде стартап-инкубаторлар мен акселерациялық бағдарламалар іске қосылмақ. Биыл бұл іс Ақтау, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Семей, Тараз, Талдықорған және Петропавл қалаларында бастау алады. Бұл туралы Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің басшысы Дәулет Баймурзинов мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаның көздегені IT-мамандарға технологиялық кәсіпкерлікті бастан-аяқ құруға машықтау. Ол үшін арнайы семинарлар, шеберлік сағаттарын ұйымдастыру. Бұл отандық айти өнімдердің шетел нарқына шығарып, экспорт әлеуетін арттыруға серпін береді дейді, маман.
Дәулет Беймурзинов, Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің директоры:
- Өңірлерде біздің менеджерлер түрлі білім беру бағдарламаларын дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізеді. Сондай-ақ, болашақ стартапшылар, айти-мамандар және жалпы технологиялық жобаларды іске асыруға ниетті азаматтардың жаңа бастамаларына демеу жасайды. Осы арқылы олардың ортақ мүдеге ұюына, яғни қауымдастығын кеңейтуге септеседі. Басты мақсат сапалы стартап-жобалардың санын арттыру, бұл өз кезегінде салық түсімдерін ұлғайтады. Екінші жағынан елде жаңа жұмыс орындары құрылады. Бұл өңірлердің, жалпы еліміздің экономикасына оң әсер етеді.
Astana Hub тек ел ішінде ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағында it-экожүйені дамытуға ат салысып жатыр. Мәселен, өткен жылы технопарк Google for Startups компаниясымен серіктестікте Silkway Accelerator бағдарламасын іске қосты. Осы жылдың ақпанында жобаға қатысушылардың екінші легін оқыту басталды. Ол Қазақстан мен өңір елдерінің IT-бастамалары үшін бизнес-орта құрып, салаға инвестиция тартуға және шетелдік нарықтарға шығуға септеседі.
Дәулет Беймурзинов, Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің директоры:
- Астана хабтың ауыз толтырып айталық соңғы жетістіктерінің бірі Орталық Азия елдеріндегі Google for startups акселерациялық бағдарламасының ресми өкілі атандық. Бұл Моңғолия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері. Биыл қатарға Грузия қосылады. Олардың өкілдері тәжірибелі сарапшылар мен тәлімгерлердің көмегімен өздерінің стартап-жобаларын оффлайн режимінде дамыту мкіндігіне ие. Google-дың технопаркімізді мойындап, берген үлкен бағасы мен сенімі біз үшін зор мәртебе.