Бұл жолы мектепке келетін науқастар шала туған сәбилерге киім тоқу үшін бас қосты. Шара Мұқаштың қатерлі ауруға шалдыққанына 20 жылдан асқан. Мұндай жиындар жаныма дауа, дертіме шипа болды дейді.
Шара Мұқаш, науқас:
- Балаларға киім тоқу біріншіден бізгеде жақсы қолымыздың жаттығуына байланысты және қайырымдылық балаларға да екі жақты пайдалы. Паркинсон ауруларына қолдың жақсы жұмыс істеуіне, тіл байлығы мен сөйлеуге және мидың қабілеті жақсы жұмыс істеу үшін скандинавиялық жүріспен жүргізеді, бізбен логопед жұмыс жасайды.
Бұл жерде ауыр кеселге шалдыққан науқастар бір-бірімен тәжірибе алмасып, кәсіби мамандардың кеңесін алады. Қол маторикасы мен қимылын ширату үшін осы текті түрлі әдістерді меңгереді. Бұның бәрі невролог, нейрохирург, реабилитолог, логопед және басқа да мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Паркинсон – жүйке жүйесінің ең қауіпті әрі жұмбақ ауруларының бірі. Өкінішке орай, қазіргі медицина оның неден пайда болатынын әлі дөп басып, дәл анықтай алмай отыр.
Талғат Ермеков, ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық oрталығының нейрахирург дәрігері:
- Сәуір айында Дүниежүзілік паркинсон ауруына қарсы күрес күні біз осы мәселеге арналған форум өткіземіз. Бұл жерге көптеген адам жиналады. Алматы және басқада қалалардан келеді. Қызығушылық танытқан жандарға есік ашық. Мақсатымыз - бұл ауруды емдеудің тиімді әдістері бар және онымен күресуге болатынын іс жүзінде түсіндіріп, жеткізу.