Жасанды интеллект Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық драйверіне айналмақ.
Еуразиялық экономикалық комиссияның макроэкономикалық саясат департаменті
директоры Алексей Ведевтің пікірінше, бүгінде AI-технологиялар Одақ елдеріндегі
өнеркәсіп, логистика, қаржы секторы және мемлекеттік қызметте белсенді
қолданылуда. Алайда цифрлық экономиканы одан әрі дамыту инновацияларды енгізуді
ғана емес, оларды қолданудың ортақ қағидаларын да талап етеді. Сол себепті Еуразиялық
экономикалық одақ елдерінің басшылары жасанды интеллектіні жауапкершілікпен
дамыту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сарапшының пікірінше,
AI-технологиялар таяу жылдары барлық қатысушы мемлекет экономикаларының
бәсекеге қабілеттілігі мен өсу қарқынын айқындайды. Алексей Ведевтің айтуынша,
бүгінде елдердегі Жалпы Ішкі Өнімнің жартысына жуығы цифрландыру мен АІ
енгізуге тікелей байланысты қызметтер есебінен қалыптасады.
Алексей Ведев, Еуразиялық Экономикалық Комиссия Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры
- Жасанды интеллект пен цифрландыру экономикалық өсімнің локомотивіне айналуы
мүмкін, яғни Жалпы ішкі өнімнің әлеуетті өсімі күтілуде, экономиканың 4-5%-ке
өсімі қазірдің өзінде ешқандайда қол жетпес мақсат емес, бұл қалыпты өсім болып
саналады. Осы тұрғыдан алғанда, күн
тәртібіне осы мәселені шығару өте уақытылы, аса дұрыс қадам, оның үстіне цифрландыру
және жасанды интеллектіні енгізудің экономикалық өсімге әсері әлдеқайда жылдам
болады. Яғни, бұған дейінгі өзге факторлардың ықпалы ондаған жылға созылып,
едәуір кеш сезілетін болса, қазіргі өзгеріске ай санап дайындық жүргізу
қажеттілігі туындап отыр.

