Қазақстан Грузия арқылы 3 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр

Қазақстан Грузия арқылы 3 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр

Қазақстан 2022 жылы Грузия дәлізі арқылы 2 миллионнан 3 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғая бермек. Бұл туралы ел Президентінің арнайы өкілі Ержан Қазыханның Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесуі барысында белгілі болды. Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы және көлік мәселелеріне назар аударды. Атап айтқанда, Грузия мен жалпы Оңтүстік Кавказ аймағының транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздығы талқыланды. Грузия тарапы қазақстандық инвесторларды құптайтынын атап өтті. 2022 жылдың үш айында екі ел арасындағы тауар айналымы 29,5 миллион доллар болды.