Банктердің тұтынушыларға қарыз беру көрсеткіші бір айда 0,9 процент өсім көрсетіп, 19 млрд теңгеден асқан. Әсіресе жеке тұлғалар тарапынан өтінім көп. Бұл сегментте сұраныс 1,9 пайызға артып, жалпы сомасы 11 млрд теңгеден жоғары қарыз берілді. Ал заңды тұлғалар бойынша керісінше, кредит алу көлемі 0,5 процентке төмендеді.
Ұлттық банктың мәліметіне сүйенсек, несиенің ұлттық валютадағы үлесі жоғары. Оның көлемі бір айда 17 млрд теңгеден асты. Шетел валютасындағы кредиттер керісінше 5,6%-ке азайған. Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеудің анағұрлым азайғаны байқалады. 2022 жылғы сәуірде көрсеткіш 10,9%-ға төмендеген. Дегенмен өткен айда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттердің орташа сыйақы мөлшерлемесі айтарлықтай артты. Жеке тұлғалар үшін 17,3% көлемінде сыйақы белгіленді. Бұл көрсеткіш 2021 жылы– 11 процент шамасында болған.