Неміс компаниясы Қазақстанда литий өндіруге 700 миллион доллар инвестиция салмақ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, шетелдік кәсіпкерлер химиялық элементті еліміздегі екі шахтадан өндіруді жоспарлап отыр. Жаңа қосылатын неміс компаниясынан бөлек, бүгінгі таңда салада аспан асты елінің кәсіпорындары жұмыс істеуде. Канада мен Оңтүстік Корея компаниялары да қазақстандық шикізатқа үлкен қызығушылық танытып отырғанын айта кетейік. Сирек кездесетін металдарды игерудің жаңа жобалары БҰҰ стандарттарына сәйкес іске қосылуы керек. Тиісті мүмкіндікті Қазақстан Ұйыммен талқылау үстінде. Бұл талаптар қолданыстағы отандық стандарттар мен тау-кен жобаларына қосымша ретінде қолданылады.