Транзиттік әлеуетті нығайту: Қазақстанда бірнеше ірі жоба жүзеге асырылады

Сонымен қатар Достық-Мойынты учаскесінің екінші жолы салынады. Осының арқасында Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдау көлемі мен өткізу қабілеті бес есеге дейін артуы тиіс. Ал Дарбаза-Мақтаарал теміржол желісі іске қосылғанда Орталық Азия мен Иран және Парсы шығанағы елдерінің транзиттік қашықтығы қысқарады. Үшінші жоба Алматы айналма теміржол желісі. Оның құрылысы Қытай, Азия-Тынық мұхиты аймағынан Орталық Азия, Еуропа елдеріне жүктерді жеткізу мерзімін бір тәулікке қысқартады.

Айта кету керек, Қазақстан аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі, атап айтқанда бес темір жол және сегіз автомобиль дәлізі өтеді. Соңғы 15 жылда бұл салаға 35 миллиард доллар инвестиция құйылған.