Қазақстан экономикасы оң динамикаға ие. Бұл туралы Халықаралық валюта қоры мәлім етті. Болжам бойынша, елдің ЖІӨ өсімі 2024 жылы шамамен 4% құрайды. Қаржы
институты инфляцияны төмендету жөніндегі шараларға жоғары баға берді. Бүгінде инфляция
деңгейі төмендеп, тамызда 8,4% құраған. Қордың Қазақстандағы миссиясы басшысы
Николя Бланше Астанадағы баспасөз конференциясында Қазақстан экономикасына
құрылымдық реформалар қажет деп есептейтінін айтты.
Николя Бланше, ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы:
- Біз салықтар, жеңілдіктер мен алып тастаулар санын
қысқарту, сондай-ақ қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеру қажет деп
есептейміз. Бұл өте маңызды шара және біз парламентте өтетін тиісті талқылауларды
асыға күтеміз. Ресми органдардың осы реформаларды іске асыру жөніндегі
бастамаларын қолдаймыз. Өздеріңіз білетіндей, Салық кодексін бекіту 2025 жылдың
ортасына дейін кейінге қалдырылды.