23 наурызда
қазақстандықтар халықаралық экологиялық акциясына қатысады.
«Жер сағаты» акциясы
сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін өткізіледі. Осы уақытта әлемнің мыңдаған сәулет
ескерткіштері мен маңызды ғимараттары өз жарықтарын сөндіреді. Дүниежүзілік
жабайы табиғат қорының бастамасымен өтетін жыл сайынғы шараның басты мақсаты – планетаның
табиғаты мен ресурсына жауапкершілікпен қарауға назар аударту. Жыл сайынғы
акцияда елордадағы мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар,
сауда-ойын-сауық орталықтары, ірі спорт кешендері мен бизнес орталықтарда жарық
сөндіріледі.