Қазақстан Бресттегі форумға қатысты

Қазақстан Бресттегі форумға қатысты

Ұлы Отан соғысы жылдары Брест қамалын Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген жауынгерлер қорғады. Ортақ ерлікті есте сақтау – халықтар арасындағы достықтың, өзара құрмет пен ынтымақтастықтың ең берік іргетасы. Бұл туралы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Белорусь елінде өткен «Ұлы мұра – ортақ болашақ» атты халықаралық форумда атап өтті. Ерлан Қошанов Брест қамалын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне ерекше назар аударып, қаза тапқан батырлардың есімін жаңғырту және ұлықтау жөніндегі жұмыстың маңызына тоқталды. Кейін қазақстандық делегация «Қаһарман Брест қамалы» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойып, мұражайға аты аңызға айналған қазақ ұшқышы – Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты.


Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:


 – Брест гарнизонындағы жеті мың әскери қызметшінің шамамен мыңға жуығы Қазақстаннан келген сарбаз болды. Олардың барлығы дерлік осы жерде қаза тапты. Бүгінде әлем жаңа сын-қатерлерге тап болып отырған кезде біздің ортақ міндетіміз – тарихи жадымызды сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу. Былтыр Астанада өткен әскери парадта сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс туралы ақиқатты сақтау маңызды екенін атап өтті, өйткені шындықты білмейінше бейбітшіліктің бағасын түсіну мүмкін емес.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?