Қазақстан биыл рекордтық көлемде астық экспорттауға ниетті

Қазақстан биыл рекордтық көлемде астық экспорттауға ниетті

Қазақстан биыл рекордтық көлемде: 12 миллион тонна астық экспорттауға ниетті. Оның үстіне өнімнің бір бөлігін жаңа нарықтарға жөнелтпек. Аграрийлер өнімнің биыл мол түсуі бәсекелестік тудырады дейді. Бұл өз кезегінде дәнді дақылдардың бағасына әсер етеді.

Нұрлан Оспанов, Қазақстан астық одағының төрағасы:

- Біз нарықтық бағаға сатамыз. Жаңа экспорттық нарықтарға астық жеткізу көлемін 2 млн тоннаға дейін арттырмақпыз. Бұл Еуропа, Солтүстік Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Аталған елдерге Ресей немесе Қытай аумағы арқылы транзитпен жөнелтеміз. Сондықтан, біз Үкіметпен бірге қолдаудың нақты қадамдарын талқылауымыз керек, егер жүзеге асырылып жатса, биыл жаңа нарықтарға шығуды жоспарлап отырмыз.

Биыл астықтың негізгі массасы 3-ші сұрыптық. Бұл көбінесе ұн және нан-тоқаш өнімдерін өндіру үшін пайдаланылады. Өткен жылы шикізаттың басым бөлігі бірінші кластан төмен болды, дейді сарапшылар.

Мәрлен Оспанов, ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы:

- Астық сапасы бойынша 3-класты астық 60% құрайтынын атап өту қажет. Бұл өте жақсы көрсеткіш - өткен жылмен салыстыратын болсақ, көрсеткіш үшінші кластың 35% құрады.

Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстан 2 млрд доллардан астам сомаға 8 жарым млн тоннадан аса ауыл шаруашылығы өнімін экспорттады. Еліміз астықтың басым бөлігін Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Түрікменстан және Италияға жеткізді. Астанадағы конференцияға түрлі елдерден қазақстандық өнімдерді әлеуетті сатып алушылар жиналды. Олардың көбі отандық бидайды бірнеше жылдан бері импорттаушлыр. Жаңа келісімшарттар жасауға да қарсы емес.

Аурелио Ди Карло, экспорттаушы, Италия:

- Біз Қазақстанмен 8 жыл жұмыс істеп келеміз. Бидайды сатып алып, Италияның түрлі өңірлеріне саудалаймыз. Біз серіктестерімізбен кездесіп, әріптестік жаңа бағыттарын да қарастырдық. Бидай сапасы жоғары. Өткен жылы жаңбырдан астық аздап зардап шекті, бірақ біздің ұн тартушылар астықты қайта өңдеуге қол жеткізді. Биыл астық сапасы біршама жақсы.  Бұл көлемді арттыруға көмектеседі деп үміттенемін. Әдетте біз жылына 200 мың тоннаға жуық сатып аламыз.

Жалпы, егін жинау науқанының қорытындысы бойынша қазақстандық аграрийлер қамбаға 20 миллион тоннаға жуық астық құюды жоспарлап отыр.