Қазақстан мен Үндістан экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті

Қазақстан мен Үндістан экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті

Қазақстан мен Үндістан экономикалық ынтымақтастықты нығайтып келеді. Тек 2025-ші жылдың алғашқы жартысында ғана елдер 505 млн долларға сауда жасасқан. Оның тең жартысына жуығы, қазақстандық экспортттың үлесіне тиесілі. Үндістан нарығына отандық жеткізілімдердің қарқыны биыл маусым айында күрт артқаны байқалады. Бір айдың ішінде ғана ол жаққа 180 млн доллардың өнімі жіберілген. Қазақстан Үндістанға негізінен мұнай, фосфор және металл тасымалдайды. Ал үнді елі бізге дәрі-дәрмек, шай және өнеркәсіп жабдықтарын экспорттайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша арадағы жалпы тауар айналымы 900 млн долларға жетті. Тараптар көрсеткішті еселеуге мүдделі. Дипломаттар фармацевтика, медицина, IT, энергетика салаларында ынтымақтастық әлеуеті зор деп санайды.

Сайлас Тангал, Үндістанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақстанның жер қойнауы  табиғи ресурстарға, соның ішінде алтынға бай. Үндістан бұл бағалы металлдың әлемдегі ірі тұтынушы, ал Қазақстан - ірі өндірушілердің бірі. Бұл өзара ықпалдастықтың жарқын мысалы. Яғни, жергілікті зергерлік бұйымдарды Үндістан белсенді сатып алу арқылы әлемде оларға деген жоғары сұранысты қамтамасыз етеді. Мұнай бойынша да дәл сондай серіктестік құруға болады. Қазақстан ірі мұнай өндіруші, ал Үндістан - оның ірі импорттаушыларының бірі. Жалпы өзара сауданы дамытудың да әлеуеті зор деп санаймын.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?