Қазақстан мен Ресей арасында тауар айналымының қарқыны артып келеді.
Тараптар өзара алыс-беріс көлемін 30 млрд долларға жеткізбек. Былтыр екі жақ
жалпы құны 27 млрд доллардың тауарын алмасқан. Көбіне көрші елге уран, алюминий
оксиді, темір кені мен алтын экспоралады. Бұған қоса, Ресейге отандық минералды
тыңайтқыштар, цемент және азық-түлік жеткізілімдерінің көлемі де артып келеді.
Ал теріскейдегі көршімізден табиғи газ, мұнай өнімдері мен электр энергиясын
алып отырмыз. Ресейлік төсек-орын жабдықтарынан бастап, шоколад, қант және ұн
өнімдеріне дейін біздің нарықта жақсы бағаланады. Ресей соңғы 20 жылда
Қазақстанға 29 млрд доллар инвестиция құйған. Қазір елде көршіміздің капиталы
бар 19 мың компания жұмыс істейді. Қазақстандық инвесторлар да Ресейдің түрлі
салаларына 9 млрд долларға жуық қаражат бағыттаған.
Саян Сұңғатов, QAZTRADE сауда саясатын дамыту орталығының аға сарапшысы:
- Ресей Федерациясы Қазақстан үшін дәстүрлі түрде стратегиялық маңызы орасан
зор әріптестеріміздің бірі болып табылады. Жалпы 2026 жылдың бірінші
үшайлығындағы алыс-берісіміз 16% өскен және ол 6 жарым млрд АҚШ долларын құрап
отыр.

