Бірінші жартыжылдықта Қазақстанның агроөнеркәсіптік
кешеніне салынған инвестициялар көлемі 617 млрд теңгені құрады. Ауыл
шаруашылығының негізгі капиталына салынатын қаржы 442 млрд. теңгеге дейін өсті. Тамақ өнімдерін өндіру саласында да инвестиция көлемі ұлғайды. Ауыл шаруашылығының
жалпы өнім көрсеткіші 3,7 пайызға өсті, бұл 2 трлн теңге. Салалық министрлік
мамандары даму динамикасы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында да
байқалғанын атап өтті. Бұдан басқа, саланың дамуына әсер ететін фактордың бірі -
СҚО мамандарының тәжірибесіне сүйене отырып жобаларды қаржыландыру және енгізу.
Осылайша, 178 жарым млрд теңгеге 155 жоба қаржыландырылды. Олардың үштен бірі
пайдалануға берілді. Олар сүт-тауар фермалары, көкөніс сақтау қоймалары және
бордақылау алаңдары. Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен жылдық өсіміне егіс
және егін жинау жұмыстары есебінен қол жеткізу жоспарлануда. Естеріңізге сала
кетейік, биыл елімізде егіс алқабының жалпы көлемі 24 млн гектарды құрады.

