Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі өтті

Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі өтті

Қазақстан құрамасы елордада өткен Grand Slam турнирінде 4 бірдей медаль еншіледі. Әлемдік деңгейдегі доданың алтын алқасын Ғалия Тыныбаева жеңіп алды.  Grand Slam турнирі 60 келі салмақ дәрежесінде қоржынға қола медаль салды. Бағытжан Әбдурахманов пен Абылайхан Жұбаназаров та өз легінде үздік үштікті тұйықтады. Ұлттық құрама жарыстың қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте 5-орынға тұрақтады. Үздіктер көшін Жапония, Италия және Қытай бастады. Екі күнге жалғасқан белдесулерде Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынды. Татамиге әлем чемпиондары мен жүлдегерлері және түрлі ірі жарыстардың жеңімпаздары шықты. Жалпы Қазақстан астанасында 84 елден 450 спортшы жиналды. Ұлтық құрама сапында негізінен ел намысын қолдан бермеген жас палуандар күресті.      

 

Серікбол Оразалин, Қазақстанның дзюдо федерациясының вице-президенті:

-Жалпы бұндай ауқымды турнирлерде әрбір салмақ дәрежесінде төрт спортшыдан ұсынуға болады. Сондықтан шетелге шығып көрмеген жас дарынды спортшылардың бабын сынау үшін үлкен мүмкіндік болды. Палуандарымыз бұл мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысты. 

Ендігі кезекте қазақстандық споршылар 19-23 мамыр аралығында Абу-Дабиде өтетін  әлем чемпионатына қамданады.