Қазақстан Президенті Грузияның ішкі істер министрін қабылдады. Қасым-Жомарт
Тоқаев пен Гела Геладзе құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы
күрес бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Мемлекет
басшысы Грузия еліміздің Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі
саналатынын атап өтті. Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың уақыт
тезінен өткен тарихи тамырластыққа құрылғанына тоқталды. Елдер ұйымдасқан
қылмысқа, есірткі тасымалдауға, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы күрес,
сондай-ақ озық тәжірибелер алмасу, маман даярлау бағыттарында өзара
ықпалдастықты нығайтуға ниетті. Мемлекет басшысы Грузия Президенті мен
Премьер-министріне сәлемін жолдады.

