Қазақстандық стартап Кремний алқабының үздік 10 жобасының қатарына енді

Қазақстандық стартап Кремний алқабының үздік 10 жобасының қатарына енді

Қазақстандық жобалар Кремний алқабын бағындыруды жалғастыруда. Бұл жолы үздік ондыққа TrustMe атты IT өнімі кірді. Бұл платформа келісімшарттарды бірнеше секунд ішінде SMS, мессенджерлер және биометриялық сәйкестендіру арқылы рәсімдеуге мүмкіндік береді. Құжаттар блокчейн жүйесінде сақталады. Бұл олардың қолдан жасалуын болдырмайды. Айта кетейік, 850 мыңнан астам қолданушысы бар отандық жоба аясында 1 млн аса келісімшарт жасалған. Келесі мақсат – Ресей, Түркия, АҚШ және Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығу. Сонымен қатар, стартап 1 млрд долларлық бағалауға ие болған Қазақстанның олғашқы жобасына айналуды жоспарлап отыр.

Шыңғыс Дәулетбаев, Жоба жетекшісі:

- Біздің жүйеміздің әлем бойынша баламасы жоқ. Өйткені біз смарт-технологиясы арқылы кез-келген келісім шартты автоматтандыра аламыз. Шешіміміздің қарапайымдылығы мен сенімділігі оны жаһандық деңгейде кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінде 150 астам ел біз әзірлеген электрондық цифрлық қолтаңбаны мойындады. Бірер жылда 1 млрд долларлық межені бағындырған алғашқы компания атанамыз деген ойдамын. Біздің жобаның үлгісінде Тим Дрейпер ғана емес, басқа да ірі инвестициялық қорлар еліміздегі жаңа бастамаларға қаржы салуға мүдделі болады.

Айта кетейік, 2029-шы жылға қарай Қазақстан осы межені бағындырған отандық 5 компания құрып, IT-экспортты 5 млрд долларға дейін ұлғайтуды көздейді. Бұған қоса жыл сайын экономикадағы түрлі секторда кемінде 25 нейронды желі өнімін іске қосуды жоспарланған. Бұл мақсаттар жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасында көрініс табады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?