Қазақстан аймақтарында жаңа Конституцияның негізгі ережелері талқылануда

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Алматыда қаржыгерлермен кездесті. Жиынға қатысушылар жаңа Конституция жобасын талқылап, құжаттың негізгі ережелеріне тоқталды. Қаржы саласы үшін ең маңыздысы – тұрақты әрі түсінікті заңдық орта қалыптастыру. Сонымен қатар жобада «мемлекет адам үшін» қағидатына басымдық берілген. Құжат қаржы нарығын реттеу тетіктерін де күшейтеді. Қазақстандықтар үшін бұл банк салымдары мен сақтандыру өнімдерінің сенімділігін арттыруды білдіреді. Сонымен қатар, жаңа Ата заң ұлттық валюта мәртебесін нығайтып, құқықтық тұрақтылықты нығайтады және инвестициялық ахуалды жақсартады.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Жалпы, қаржы секторы үшін тұрақты әрі түсінікті құқықтық ортаның болуы өте маңызды. Мемлекет басшысының бастамаларының арқасында осындай болжамды инвестициялық ортаны құруға мүмкіндік туды. Бүгінде біз оны көріп отырмыз, ол рейтингтерде де көрініс табуда. Сондықтан қаржы секторы үшін жаңа Конституция жобасында жазылған жаңалықтар өте маңызды.

Айта кетейік, Жалпыұлттық коалицияның аймақтардағы мүшелері бүкіл ел бойынша бұқарамен жаңа Ата заңның ережелерін талқылауды жалғастырып жатыр. Мәселен, Атырауда қалалық коалиция өкілдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен жүздесті. Көпшілік жаңа Негізгі заң еліміздің әлемдік әділ құқықтық талаптарды негізге ала отырып бейімделуге деген ұмтылысын көрсететініне сенімді.   

Берікқали Сәрсенғалиев, Атырау өңірлік коалиция мүшесі:

- Қазір жаңа Конституцияны талқылауға, жаңа Констиуицияның жаңа бағыттарын түсінуге деген тұрғындардың қызығушылығы өте жоғары. Әсіресе, қойылатын бағыттары – мына әлеуметтік мәселелер, білім, жастардың болашақтағы өздерінің құқықтары туралы бағыттарда көбірек сұрақ қойып жатыр.

  мүшелері Алматыда қаржыгерлермен кездесті. Жиынға қатысушылар жаңа Конституция жобасын талқылап, құжаттың негізгі ережелеріне тоқталды. Қаржы саласы үшін ең маңыздысы – тұрақты әрі түсінікті заңдық орта қалыптастыру. Сонымен қатар жобада «мемлекет адам үшін» қағидатына басымдық берілген. Құжат қаржы нарығын реттеу тетіктерін де күшейтеді. Қазақстандықтар үшін бұл банк салымдары мен сақтандыру өнімдерінің сенімділігін арттыруды білдіреді. Сонымен қатар, жаңа Ата заң ұлттық валюта мәртебесін нығайтып, құқықтық тұрақтылықты нығайтады және инвестициялық ахуалды жақсартады.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Жалпы, қаржы секторы үшін тұрақты әрі түсінікті құқықтық ортаның болуы өте маңызды. Мемлекет басшысының бастамаларының арқасында осындай болжамды инвестициялық ортаны құруға мүмкіндік туды. Бүгінде біз оны көріп отырмыз, ол рейтингтерде де көрініс табуда. Сондықтан қаржы секторы үшін жаңа Конституция жобасында жазылған жаңалықтар өте маңызды.

Айта кетейік, Жалпыұлттық коалицияның аймақтардағы мүшелері бүкіл ел бойынша бұқарамен жаңа Ата заңның ережелерін талқылауды жалғастырып жатыр. Мәселен, Атырауда қалалық коалиция өкілдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен жүздесті. Көпшілік жаңа Негізгі заң еліміздің әлемдік әділ құқықтық талаптарды негізге ала отырып бейімделуге деген ұмтылысын көрсететініне сенімді.   

Берікқали Сәрсенғалиев, Атырау өңірлік коалиция мүшесі:

- Қазір жаңа Конституцияны талқылауға, жаңа Констиуицияның жаңа бағыттарын түсінуге деген тұрғындардың қызығушылығы өте жоғары. Әсіресе, қойылатын бағыттары – мына әлеуметтік мәселелер, білім, жастардың болашақтағы өздерінің құқықтары туралы бағыттарда көбірек сұрақ қойып жатыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?