Қасым-Жомарт
Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халықтарына бақ-береке
тіледі. Президент Қазақстанның бірқатар
өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау
көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы берік бауырластық
қарым-қатынас пен қос тарап арасындағы
тұрақты ынтымақтастық пен өзара тілеулестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеді.