БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы Астанадағы Көшпенділер ойындарының ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға берді. Оның пікірінше, мұндай іс-шаралар туризмді және жалпы ел экономикасын дамытуға жол ашады. Бұл туралы Дүниежүзілік туристік ұйымның басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұйыммен тығыз ынтымақтастыққа бейілді және туризм саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымымен серіктестік аясын кеңейту жоспары талқыланды. Еліміздің туристік әлеуетін және халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал ететін нақты жұмыстарға баса назар аударылды.