Сенат спикері Президент Қ.Тоқаевтың саясаты туралы мақала жариялады

Сенат спикері Президент Қ.Тоқаевтың саясаты туралы мақала жариялады

Қазақстан жаһандық тұрақсыздық жағдайында орнықты әрі сенімді мемлекет мәртебесін сақтап отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойластырылған әрі жүйелі қадамдарының арқасында еліміз «тұрақтылықтың үлкен аралы» болып қала береді. Қазақстан баршамен достық қарым-қатынас орната отырып, өз көзқарасы мен мүдделерін сақтап келеді. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев «Время» газетінде жарияланған «Тоқаев моделінің» басым бағыттарына арналған авторлық мақаласында жазды. Парламент Жоғарғы палатасы төрағасының пікірінше, оның белсенді ұстанымы ең алдымен білім, ғылым және мәдениетке негізделген рухани дамуға бағытталған. Бұл ретте мәдени тренд басында әділдік, заңдылық пен тәртіп тұр. 21-ші ғасырдың кез-келген елдерінде сияқты Қазақстан мемлекеттік басымдықтар қатарында ұлттық бірегейлікті саясат пен экономикадан жоғары қояды. Мақалада жалпы мемлекетіміздің саясаты сенім мен ашықтық қағидаттарына негізделгені туралы айтылған. Бейтараптылықты ұстанатын еліміздің түрлі халықаралық серіктестермен тең дәрежеде диалог жүргізуге қабілетті орта держава ретіндегі рөлі  артты. Спикердің айтуынша  бір шаңырақ астында тату-тәтті тұратын барлық халықтың бірегейлігі көздің қарашығындай сақталады. Бірлігі жарасқан қоғамның мүддесі де ортақ. Мәулен Әшімбаев Президент Тоқаевтың саяси бағыты айқын, ол – егемендікті нығайтып, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мен халықаралық беделін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?