Аралдың тағдыры - Қазақстан мен Өзбекстанның өңірлік экологиялық күн тәртібінің басты нысаны. Бұл туралы ғалымдар Шымкентте өткен кездесуде айтты. Зерттеушілер су айдынының жай-күйі қазіргі заманның ең ауқымды экологиялық проблемаларының бірі және оны мемлекеттік деңгейде шешу қажеттігі айқын деген пікірге келді. Бұл мәселе екі елдің Конституциясында көрініс тапты. Қазақстан қоршаған ортаны қорғаудың жүйелі тәсіліне баса назар аударып, экологиялық күн тәртібі Ата заңда жазылған. Ал, Өзбекстанның Негiзгi заңында Арал өңiрiн қалпына келтiру мәселелерiне арналған бап жеке бекiтiлген.
Аманлық Гулимов, заң ғылымдарының докторы:
- Жалпы алатұғын болсақ, екі елдің Конституциясында осы экологиялық құқықтар бір сияқты жазылған, әрине әртүрлі форматта, бірақ түп негізіне келетін болсақ бір деп айтсақ та болады.

