Жолдыбай Тентеков, Ұлттық сапа орталығы филиалының директоры:
- Тапсырыс беруші бұл учаскеге ағымдағы жөндеу жүргізбек болған екен.
Алайда жылжымалы жол зертханасы диагностика жасаған соң, жасанды интеллект оның
сапасы өте нашар екенін айқындап берді. Сондықтан да тапсырыс беруші бұл
аумақта күрделі жөндеу жасау туралы шешім қабылдады.
Рүстем Қадыров, Жобаны әзірлеуші:
- Жедел жәрдемнің көмегімен жолдың жабынын қадағалаймыз. Нақтырақ айтсақ
ондағы регистраторға түскен бейне ағынын саралаймыз. Жасанды интеллект моделі жолдардағы
шұңқырларды анықтайды. Содан кейін талапқа сай келмейтін жерлер интерактивті
картаға шығарылады. Шұңқырдың нақты орналасқан жерін, тіркелген күнді белгілеп
саламыз. Іс жүзінде бұрын қолмен жиналатын ақпаратты қазір озық үлгідегі ақылды
жүйе атқарады.

