Білім беруге AI енгізу Қазақстанға жаңа инвестициялар тартады

Білім беруге AI енгізу Қазақстанға жаңа инвестициялар тартады

Қазақстанның білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу - уақтылы қадам. Мұны халықаралық сарапшылар растап отыр. Естеріңізге сала кетейік, Президент қол қойған Жарлыққа сәйкес 2029 жылға дейін елімізде білім берудің толыққанды цифрлық ортасы қалыптасуы тиіс. Осылайша, мемлекетіміз таяу арады AI технологиялары базалық құзыретке айналатын әлемдік еңбек нарығындағы отандық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігіне және адам капиталын дамытуға басымдық береді. Сондықтан қазір басты міндет - қазақстандықтардың жаңа буынын цифрлық трансформация жағдайындағы өмірге бейімдеу. еліміздің білім беру жүйесіне мемлекеттік деңгейде жасанды интеллектіні енгізудің нәтижесінде, ел ішінде де, халықаралық деңгейде де AI-бастамалар ұсынуға қабілетті мамандардың жаңа буынын тәрбиелейді, деді деректер және AI архитекторы Мухаммад Авайс Эйджаз.

Мухаммад Авайс Эйджаз, деректер және жасанды интеллект архитекторы:

- Менің ойымша, бұл шешім мультипликативті әсерін тигізеді. Қысқа мерзімде - бұл елде жасанды интеллект енгізу деңгейін арттыруға және халықтың цифрлық және АІ-сауаттылығын жақсартуға, білім беру жүйесіне нейро желілерді интеграциялауға ықпал етеді. Ал ұзақмерзімді кезеңде - Қазақстанға жасанды интеллект саласына үлес қосатын кәсіби ІТ-мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сәйкесінша, мұндай озық үлгідегі сандық технологиялардың пайда болуына қарай Қазақстан өз экономикасына жаһандық инвестицияларды көбірек тарта алады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?