Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы
Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен өзара парламентаралық дипломатия,
сауда-экономикалық, өңіраралық, және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
мәселелерін талқылады. Қазақстан Президенті былтыр қазан айындағы Моңғолияға
жасаған сапарының нәтижесінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынас күшейе
түскенін айтты. Мемлекет басшысы екі жақты берік достық пен стратегиялық
әріптестіктің тамыры тереңде жатқанын тілге тиек етті. Әңгімелесу барысында
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Моңғолия елімен жан-жақты ынтымақтастықты
нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

