Қазақстан АІ енгізу бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

Қазақстан АІ енгізу бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

Қазақстан AI-технологияларды белсенді енгізуде. Мұны зерттеулер мен халықаралық рейтингтер растайды. Қазақстан жасанды интеллектіні пайдалану деңгейі жоғары үздік 30 елдің қатарына кірді. Еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр. OpenAI сараптамалық шолуына сәйкес, ChatGPT пайдалану бойынша Қырғызстан 52-ші, ал Өзбекстан - 58-ші орында. Сарапшылардың айтуынша, зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың озық АІ құралдарды белсенді қолданатынын растайды. Отандастарымыз практикалық нұсқаулықтар сұрау, мәтін жазу және редакциялау, сондай-ақ ақпарат іздеу үшін нейрожелілерді жиі пайдаланады. Елімізде аталмыш қосымшаны пайдаланушылардың басым бөлігі 18-34 жас аралығында. Ал, ерлер мен әйелдер арасында АІ пайдалану деңгейі тең дәрежеде.


Ал тағы бір әлемдік рейтингте Алматы ең жылдам дамып келе жатқан технологиялық экожүйелердің алғашқы ондығына енді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев хабарлады. Dealroom.co есебінің деректері бойынша, қазақстандық мегаполис Абу-Дабиді, Қытай қалалары мен Загребті басып озып, «Жаңа жұлдыздар» санатында 9-орынды иеленді. Айта кетейік, Dealroom.co - жаһандық платформа әрі  бүкіл әлем бойынша стартаптар, венчурлік капитал, технологиялық нарықтар туралы ақпарат жинақтап, банктер мен инвестициялық қорларға ұсынады. Айта кетейік, бұл рейтингте 77 елдің 325 қаласының технологиялық экожүйесі талданған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?