Осылайша, 2029 жылға қарай алюминийді 5 есе, қорғасынды 4 және мысты 13 есеге дейін ішкі өңдеуді ұлғайту көзделіп отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды. Министрлік жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін шағын индустриялық аймақтар іске қосылатынын атап өтті. Бұл мақсаттарға қаржы Индустрияны дамыту қоры арқылы бөлінеді. Жалпы, 2029 жылға дейін Қазақстанда 800-ден астам инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың жалпы құны 33 триллион теңгеден асады.